ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын жеті медальмен аяқтады

Қытайдың Тяньцзинь қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасы 7 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.
Алтын жүлдегерлер
-
Алина Чистякова – бессайыс
-
Нора Джеруто – 3000 метр
-
Қазақстан әйелдер құрамасы – 4×400 метрлік эстафета
(Кристина Кондрашова, Марина Шувалова, Анна Шумило, Аделина Земс)
Күміс жүлде
-
Надежда Дубовицкая – биіктікке секіру
Қола жүлдегерлер
-
Нора Джеруто – 1500 метр
-
Мария Ефремова – үш қарғып секіру
-
Қазақстан ерлер құрамасы – 4×400 метрлік эстафета
(Вячеслав Земс, Мәди Төкенов, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов)



