КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстан грек-рим күресінен Хорватиядағы рейтингтік турнирде алты медаль еншіледі

Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен өткен халықаралық рейтингтік турнир өз мәресіне жетті.

Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасының балуандары грек-рим күресінен 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ислам Евлоев финалға дейін жетіп, турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

Қола медаль иегерлері:

Ербол Камалиев (60 келіге дейін),

Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін),

Алматбек Аманбек (72 келіге дейін),

Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін),

Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін).

Осылайша, Қазақстан құрамасы Загребтегі рейтингтік турнирді грек-рим күресінен алты жүлдемен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button