ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылардың 9 ақпандағы жарыс кестесі

Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында жарыстарын жалғастыруда. 9 ақпанда отандастарымыз конькимен жүгіру және шаңғымен тұғырдан секіру спорт түрлерінде бақ сынайды.

Конькимен жүгіру, 1000 метр (әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева
Басталуы: 21:30 (Астана уақытымен)

Шаңғымен тұғырдан секіру, қалыпты тұғыр (ерлер)
Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев
Басталуы: 23:00 (Астана уақытымен)

Айта кетейік, конькимен жүгіруде дәл осы күні жүлделер сарапқа салынады. Ал шаңғымен тұғырдан секіру жарысында үздік 30 спортшы финалдық кезеңге жолдама алады.

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button