
Францияның Париж қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы халықаралық турнир басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Аман Бақытжан қола медаль иегері атанды.
Қазақстандық дзюдошы турнир барысында бірнеше қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда финал жолдамасы үшін өткен белдесуде ол украиналық Дильшот Халматовқа жол берді.
Қола жүлде үшін өткен шешуші кездесуде Аман Бақытжан кубалық Джонат Чаронды жеңіп, турнирді жүлдемен аяқтады.



