
Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс медальға ие болды.
Отандастарымыз аралас командалық сайыста сәтті өнер көрсетіп, мәреге екінші болып жетті.
Күміс жүлдеге қол жеткізген команда құрамында Евгений Федоров, Николас Винокуров, Мансұр Бейсембай, Рината Сұлтанова, Мария Елькина және Ангелина Буренкова болды.
Алтын медальді Гонконг құрамасы жеңіп алса, Қытай командасы қола жүлдеге ие болды.



