ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Қысқы Олимпиада: қай елден қанша спортшы қатысады

Милан–Кортинада өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын елдер мен олардың спортшылар саны белгілі болды. Qazsport ұсынған инфографикаға сәйкес, Олимпиадаға әлемнің ондаған елінен жүздеген атлет қатысады.

Ең ірі құрамамен АҚШ келеді – 233 спортшы. Одан кейін Канада (210), Италия (196), Германия (189) және Швейцария (175) көш бастап тұр. Алдыңғы ондыққа сондай-ақ Франция (162), Қытай (126), Жапония (120), Аустрия (117) және Чехия (114) енген.

Солтүстік Еуропа елдері де айтарлықтай құрам жасақтаған: Швеция – 110, Финляндия – 103, Норвегия – 80 спортшымен қатысады.

Қазақстан құрамасы Олимпиадаға 36 спортшымен қатысады. Бұл көрсеткіш қазақстандық атлеттердің 10 спорт түрі бойынша лицензия иеленгенін білдіреді. Қазақстанмен шамалас құрамалар қатарында Словения (37), Дания (39), Нидерланд (39), Эстония (32), Бельгия (30) бар.

Азия елдерінен Қытай Тайбэйі – 9, Жапония – 120, Корея – 71, Өзбекстан – 2 спортшымен ұсынылған. Ал кейбір елдер Олимпиадаға 1–2 атлетпен ғана қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button