ҚЫСҚЫ СПОРТ
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында өнер көрсетті

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан алғашқы бәсекелер басталды.
Алғашқы жарыс күнінің бағдарламасында әйелдер арасындағы скиатлон сайысы өтті. Спортшылар 10 шақырым классикалық және 10 шақырым еркін стильде сынға түсті.
Қазақстан құрамасы сапынан бұл жарысқа Ксения Шалыгина мен Надежда Степашкина қатысты. Нәтижесінде Шалыгина 53-орынға жайғасса, Степашкина мәреге 60-шы болып жетті.
Алтын жүлдені Швеция спортшысы Фрида Карлссон жеңіп алды. Күміс медаль да швециялық шаңғышы — Эбба Андерссон еншісінде. Үздік үштікті Норвегия өкілі Хейди Венг түйіндеді.



