ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Алина Чистякова Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль салды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аясында ел құрамасына алғашқы алтын жүлдені сыйлады.

Отандасымыз бессайыс бағдарламасында тамаша өнер көрсетіп, барлық кезеңнің қорытындысы бойынша 4181 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл нәтиже Чистякованың жоғары дайындық деңгейін және тұрақты формасын айқын көрсетті.

Күміс жүлде Қытай спортшысы Сюй Цзяхуаньға (4091 ұпай) бұйырса, қола медаль тағы бір қытайлық атлет У Чжэнге (4013 ұпай) табысталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button