ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Тиісті Қабылдаушы қала жөніндегі келісімге Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесі басшысы, мәртебелі Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.

Ресми рәсімге Азия Олимпиадалық кеңесінің басшылығы, Азия елдері Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің өкілдері, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері, сондай-ақ Милан–Кортина 2026 қысқы Олимпиада ойындарына арналған іс-шаралар аясында Миланда болған құрметті қонақтар мен ресми тұлғалар қатысты.

Айта кетейік, Алматыда қысқы спорт түрлеріне арналған спорттық және қалалық инфрақұрылым толық қалыптасқан. Бұл фактор қалаға ауқымды қосымша құрылыс жүргізбей-ақ, кешенді халықаралық жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Қолданыстағы спорт нысандарын тиімді пайдалану және ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы тәжірибе 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын ұтымды әрі халықаралық стандарттарға сай өткізуге берік негіз болмақ.

Осылайша, Алматы Азия құрлығындағы басты қысқы спорт орталықтарының бірі мәртебесін тағы бір мәрте айқындап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button