БАСҚАЛАРЫ

Велоспорттан Азия чемпионаты: Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында 5 ақпан күні тас жолдағы велоспорттан Азия біріншілігінің жалауы желбірейді. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын ұлттық құрама спортшылары белгілі болды.

Бапкерлер штабының шешімімен құрамға келесі спортшылар енді:

  • Ерлер (Элита және U-23): Даниил Марухин, Вадим Пронский, Антон Кузьмин, Евгений Федоров, Николас Винокуров, Диас Рысбай, сондай-ақ Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный және Владислав Башлыков.

  • Әйелдер (Элита және U-23): Рината Сұлтанова, Фаина Потапова, Ақпейіл Өсім, Мария Елькина, Ангелина Буренкова, Елизавета Склярова мен Виолетта Казакова.

Айта кетейік, сары құрлықтың басты додасы 12 ақпанға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button