БАСҚАЛАРЫ
Садақ ату: Қазақстан құрамасы Азия кубогының алдында Алматы облысында жиналды

Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы маусымның маңызды додаларының бірі — Азия кубогының алғашқы кезеңіне қызу дайындыққа кірісті.
Қазіргі уақытта спортшылар Алматы облысындағы Спорттық даярлық орталығының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 5-20 ақпан аралығына жоспарланған бұл жиынға еліміздің ең үздік 30 садақшысы шақырту алды. Бапкерлер штабы бұл кезеңде спортшылардың техникалық шеберлігі мен физикалық дайындығын шыңдауға баса назар аудармақ.
Еске сала кетейік, Азия кубогының шымылдығы 21-28 наурыз аралығында Тайланд астанасы Бангкок қаласында түріледі. Бұл турнир құрама үшін халықаралық аренадағы деңгейін көрсетуге жақсы мүмкіндік болмақ.



