
5 ақпанда Астана қаласында Дэвис кубогының ресми жеребесі өтті. 6–7 ақпан күндері Қазақстан құрамасы Монако командасын қабылдап, Бірінші әлемдік топтың плей-офф кезеңінде бақ сынайды.
Бұл кезеңнің маңызы зор: жеңімпаз ұжым әлемдік элитадағы орнын сақтап қана қоймай, 2026 жылдың қыркүйегінде өтетін 2027 жылғы финалдық кезеңнің іріктеуіне жолдама үшін таласады.
Қазақстан құрамасының сапында:
-
Александр Бублик
-
Александр Шевченко
-
Тимофей Скатов
-
Бейбіт Жұқаев
-
Денис Евсеев
Регламентке сәйкес матчта бес кездесу (төрт жекелей және бір жұптық) ойнатылады. Жеребе нәтижесі мен ойын кестесі төмендегідей:
6 ақпан
-
Александр Бублик – Юго Нис
-
Александр Шевченко – Валантен Вашеро
7 ақпан
-
Бейбіт Жұқаев / Александр Бублик – Ромен Арнеодо / Юго Нис
-
Александр Бублик – Валантен Вашеро
-
Александр Шевченко – Юго Нис
Айта кетейік, Қазақстан мен Монако құрамалары Дэвис кубогы тарихында алғаш рет кездеседі. Барлық ойындар Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының жабық корттарында өтеді.



