
Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі жүлдеге қол жеткізді.
Жекелей сынның нәтижесі бойынша Валерий Рахымжан 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен атудан күміс медаль иеленді.
Сонымен қатар қазақстандық спортшылар командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл сында ел намысын Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин және Эльдар Иманқұлов қорғады.
Осылайша, Азия чемпионаты аясында Қазақстан құрамасының қоржынына екі медаль түсті.



