ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындары Алматы қаласында ұйымдастырылады. Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі ресми мәлімдеді.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін құрлықтық дода Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған. Алайда қабылдаушы елге қатысты шешім қайта қаралып, жарысты Алматыда өткізу жөнінде түпкілікті келісім жасалды.

Бейсенбі күні Италияның Милан қаласында Азия Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан тарапы Қабылдаушы қала жөніндегі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қысқы Азия ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына 2022 жылы берілген болатын. Дегенмен өткен айда Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесі жарыстың мерзімі белгісіз уақытқа кейінге шегерілгенін хабарлаған еді.

Осылайша, Алматы үшін бұл қысқы спорттағы ірі халықаралық жарысты қабылдаудағы кезекті тарихи мүмкіндік болмақ. Бұған дейін қала 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын табысты ұйымдастырған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button