БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы Гран-при турнирінде бақ сынайды

Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы халықаралық турнирге қатысады.
Аталған жарыста ел намысын алты спортшы қорғайды. Ұлттық құрама сапына:
-
Ғалым Нұрымов,
-
Тимофей Семёнов,
-
Тамирлан Қалиев,
-
София Актаева,
-
Алёна Гноева,
-
Күлжан Түсіпбекова енді.
Гран-при турнирі 5–7 ақпан аралығында өтеді. Бұл дода әлемдік рейтинг ұпайлары сарапқа салынатын маңызды жарыстардың бірі саналады.



