
XDS Astana Team командасының шабандозы Серхио Игита Сауд Арабиясында өткен АльУла Тур көпкүндік жарысының жалпы есеп қорытындысы бойынша екінші орынға көтерілді.
Көпкүндіктің шешуші бесінші кезеңі 163,9 шақырым қашықтықты қамтып, Харрат-Увайрид биіктігіне көтерілумен аяқталды. Дәл осы кезеңде жалпы есептегі жүлделі орындар анықталды. Жарыс барысында Игита жаппай құлауға тап болғанымен, бәсекені жалғастырып, финалдық бөлігінде белсенді шабуылдар жасады. Нәтижесінде ол кезеңді алтыншы болып аяқтап, жалпы есепте күміс жүлдеге қол жеткізді.



