КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде екі күміс медаль жеңіп алды

Ресейдің Красноярск қаласында еркін және әйелдер күресінен Иван Ярыгин турнирі жалғасып жатыр.
Аталған беделді халықаралық жарыста қазақстандық спортшылар екі күміс медальға қол жеткізді.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Лаура Алмағанбетова финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде ресейлік Александра Скиренкоға жол берді. Нәтижесінде қазақстандық балуан турнирді күміс жүлдемен аяқтады.
Сондай-ақ 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова ақтық сында ресейлік Светлана Липатовамен белдесті. Қарсыласынан басым түскен ресейлік спортшы алтын медаль иеленсе, Виктория Хусаинова Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс жүлде салды.
Осылайша қазақстандық балуандар Ярыгин турниріндегі өнерін екі жүлдемен бастады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button