ТРЕНДТЕФУТБОЛ

UEFA Чемпиондар лигасы: «Қайрат» негізгі кезеңде қанша табыс тапты?

2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет өнер көрсеткен қазақстандық «Қайрат» футбол клубының тапқан табысы белгілі болды.

Алматылық клуб негізгі кезеңге шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (шамамен 11,23 миллиард теңге) көлемінде қаржы алды. Сонымен қатар негізгі кезеңдегі бір тең ойын үшін «Қайраттың» қоржынына тағы 19,32 миллион еуро (шамамен 11,65 миллиард теңге) түсті.

Еурокубок маусымы толық аяқталғаннан кейін бұл сомаға телевизиялық трансляция және маркетингтік құқықтарды сатудан түскен қосымша төлемдер де қосылады.

Осылайша, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи маусымы тек спорттық емес, қаржылық тұрғыдан да клуб үшін табысты болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button