ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Өскеменде жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан ірі халықаралық турнир ұйымдастырылады.
Аталған жарыс World Athletics Indoor Tour сериясының Silver санатындағы кезеңіне кіреді. Турнир аясында жүгіру сайыстарымен қатар техникалық дисциплиналар бойынша да медальдар сарапқа салынады.
Жарыста көрсетілген нәтижелер World Athletics-тің әлемдік рейтингіне ресми түрде есепке алынады.
Турнир 14 ақпанда Өскемен қаласындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтеді.
Кіру – тегін.



