ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Дзюдодан Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құраманың тізімі жаңартылды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Францияның Париж қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың жаңартылған тізімін жариялады.

Бұған дейін алдын ала құрамда Әбиба Әбужақынова болған. Алайда соңғы нұсқаға сәйкес, «Үлкен дулыға» турнирінде Қазақстан атынан тек ерлер құрамасының 12 спортшысы өнер көрсетеді.

Ұлттық құраманың құрамы:

60 кг дейін:
– Шерзод Давлатов
– Аман Бақытжан

66 кг дейін:
– Ғұсман Қырғызбаев
– Бауыржан Нарбаев

73 кг дейін:
– Дастан Шаяхметов
– Есет Қуанов

81 кг дейін:
– Абылайхан Жұбаназар
– Әділет Алмат

90 кг дейін:
– Айдар Арапов

100 кг дейін:
– Нұрлыхан Шархан
– Марат Байқамұров

100 кг-нан жоғары:
– Ғалымжан Қырықбай

Айта кетейік, Париждегі Grand Slam турнирі 7–8 ақпан күндері өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button