
UEFA Чемпиондар лигасының 2025/2026 маусымындағы плей-офф матчтарының жеребесі өтті. Оның нәтижесінде 1/8 финал жолдамасы үшін бақ сынайтын жұптар анықталды.
Плей-офф кезеңіндегі матчтар:
-
«Боруссия» Дортмунд (Германия) — «Аталанта» (Италия)
-
«Олимпиакос» (Грекия) — «Байер» (Германия)
-
«Брюгге» (Бельгия) — «Атлетико» Мадрид (Испания)
-
«Галатасарай» (Түркия) — «Ювентус» (Италия)
-
«Монако» (Франция) — «Пари Сен-Жермен» (Франция)
-
«Карабах» (Әзербайжан) — «Ньюкасл Юнайтед» (Англия)
-
«Будё-Глимт» (Норвегия) — «Интер» (Италия)
-
«Бенфика» (Португалия) — «Реал» Мадрид (Испания)
Алғашқы ойындар 17–18 ақпанда, қарымта кездесулер 24–25 ақпанда өтеді. Еленген командалар жауапты матчтарды өз алаңында өткізеді.
Стыковкалық кездесулердің жеңімпаздары Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алып, жалпы кезеңде үздік сегіздікке енген клубтармен кездеседі.
Ал 1/8 финалдың жеребесі 27 ақпанға жоспарланған.



