БАСҚАЛАРЫ
Спорттық гимнастикадан Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды

Спорттық гимнастикадан Қазақстанның ерлер құрамасы халықаралық жарыс маусымын Германияның Котбус қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңінен бастайды.
Биылғы маусымдағы алғашқы Әлем кубогы 19–22 ақпан аралығында ұйымдастырылады. Аталған жарыста Қазақстан намысын бес гимнаст қорғайды:
-
Нариман Курбанов — ат снарядындағы жаттығулар;
-
Милад Карими — керме және еркін жаттығулар;
-
Дмитрий Патанин — сақиналар, қоссырық, еркін жаттығулар;
-
Диас Тойшыбек — қоссырық және керме;
-
Зейнолла Ыдырысов — ат снарядындағы жаттығулар.
Турнирге дайындық аясында ұлттық құрама Котбус қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 8 ақпанда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.



