Қазақстандық балуандар Хорватиядағы рейтингтік турнирге қатысады

Біріккен күрес әлемі (UWW) Хорватияның Загреб қаласында өтетін рейтингтік турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы күрестің барлық түрі бойынша қатысады.
Грек-рим күресі
-
55 келіге дейін: Ерсын Абыйр, Нұрзат Қабдырахимов, Арсен Жұма
-
60 келіге дейін: Аманғали Бекболатов, Ғалым Қабдунасаров, Ербол Камалиев
-
63 келіге дейін: Айдос Сұлтанғали, Дастан Зарлыханов, Сайфулла Құрман
-
67 келіге дейін: Ержет Жарлықасын, Мейіржан Шермаханбет
-
72 келіге дейін: Алматбек Аманбек, Данияр Каленов, Николай Хапко
-
77 келіге дейін: Мерей Маулетқанов, Тамерлан Шадукаев
-
82 келіге дейін: Демеу Жадраев, Омар Сатаев, Ибрагим Магомадов
-
87 келіге дейін: Ислам Евлоев, Нұрсұлтан Тұрсынов, Мақсат Сайлау
-
97 келіге дейін: Юсуф Мациев, Нұрасыл Аманәлі
-
130 келіге дейін: Әлімхан Сыздықов, Олжас Сырлыбай
Еркін күрес
-
97 келіге дейін: Камиль Куруглиев
Әйелдер күресі
-
50 келіге дейін: Зейнеп Баянова
-
57 келіге дейін: Нилуфар Раимова
-
62 келіге дейін: Ирина Кузнецова
-
76 келіге дейін: Гүлмарал Еркебаева
Айта кетейік, Загребтегі рейтингтік турнир 4–8 ақпан аралығында өтеді. Бұл жарыста жиналатын ұпайлар халықаралық рейтингке әсер етіп, алдағы ірі жарыстарға іріктеу барысында маңызды рөл атқарады.



