
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Australian Open турнирінің жұптық сынындағы финалға жолдама алды.
Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жартылай финалда канадалық Габриэла Дабровски мен бразилиялық Луиза Стефаниді 2:1 есебімен жеңді. Кездесу үш сетке созылып, 7:6, 3:6, 6:4 нәтижесімен аяқталды.
Осылайша, қазақстандық теннисші маусымның алғашқы Үлкен дулыға турнирінде жұптық жарыстың финалында өнер көрсететін болды.



