
Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновті Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындады.
Осыған дейін отандық маман ұлттық құраманың уақытша бас бапкері міндетін атқарып келген. Енді ол бұл қызметті ресми түрде жалғастырады.
Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазан айында Қазақстан құрамасын үшінші рет тізгіндейді. Бұған дейін ол 2016–2017 және 2020–2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарған.
Қазақстан футбол федерациясы жаңа тағайындау ұлттық құраманың алдағы ресми матчтарына дайындық аясында жүзеге асқанын атап өтті.



