БАСҚАЛАРЫ
Катардағы семсерлесуден Гран-при: Қазақстан спортшыларының көрсеткіші

Доха қаласында өткен семсерлесуден Гран-при сериясының кезеңі өз мәресіне жетті. Халықаралық турнирге Қазақстан құрамасы да қатысып, бірқатар спортшы әлемдік рейтинг үшін маңызды бәсекеде бақ сынады.
Ерлер арасындағы сайыста қазақстандықтар келесі нәтижелерді көрсетті:
Руслан Курбанов – 35-орын,
Кирилл Павлов – 38-орын,
Кирилл Проходов – 46-орын,
Ерлік Сертай – 51-орын,
Вадим Шарлаимов – 84-орын,
Никита Жулинский – 94-орын,
Эльмир Әлімжанов – 103-орын,
Георгий Тинников – 119-орын,
Богдан Лукин – 133-орын,
Александр Федотов – 153-орын,
Михаил Кузьмин – 173-орын.
Әйелдер арасындағы жарыста София Николайчук 84-орынды иеленді. Каролина Фомина 133-сатыға тұрақтаса, Владислава Андреева 145-орыннан көрінді. Наталья Зинякова турнирді 164-орында аяқтады.



