ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын сенімді түрде жеңіп, Australian Open жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open–2026 турнирінде жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалдық кездесуде ел құрамасының көшбасшысы әлемдік рейтингте екінші орында тұрған польшалық Ига Швёнтекпен кортқа шықты. Тартысты басталған матчта Рыбакина шешуші сәттерде басымдық танытып, екі сетте жеңіске жетті – 7:5, 6:1.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық спортшы турнирдің үздік төрттігіне енді. Жартылай финалда Елена Рыбакина америкалық теннисшілер Джессика Пегула мен Аманда Анисимова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button