ҚЫСҚЫ СПОРТ

Биатлоннан Еуропа чемпионаты: жекелей жарыста Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды

28 қаңтарда Норвегияның Шушен қаласында биатлоннан ашық Еуропа чемпионатының шымылдығы түріледі. Аталған құрлықтық додаға Қазақстан құрамасы да қатысады.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер мен әйелдер арасында жекелей сайыстар өтеді. Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан Кирилл Бауэр, Никита Акимов, Александр Мухин, Вадим Куралес, Иван Дарьин және Егор Гребенщиков жарыс жолына шығады. Бұл сайыс Астана уақытымен 14:20-да басталады.

Ал әйелдер арасындағы жекелей жарыс 18:30-да өтеді. Онда Кристина Титиевская, Арина Крюкова және Мария Польдяева ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, ашық Еуропа чемпионатында көрсетілген нәтижелер IBU кубогының жалпы есебіне қосылады. Турнир 1 ақпанға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button