
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open–2026 турнирінде жұптық сайыста табысты өнер көрсетіп келеді.
Ширек финалда ол сербиялық Александра Круничпен бірге кортқа шығып, мықты қарсыластарды жарыс жолынан шығарды. Қазақстан–Сербия жұбы чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендтен құралған дуэтті үш сетте ұтты — 6:2, 3:6, 6:0.
Осы жеңістен кейін Анна Данилина мен Александра Крунич турнирдің жартылай финалына жолдама алып, енді финалға шығу үшін бақ сынайды.



