БАСҚАЛАРЫ

ҚР ҰОК пен Италия Елшілігі спорт саласындағы әріптестікті нығайту жолдарын талқылады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риумен және коммерциялық әрі мәдени мәселелер жөніндегі атташе Сара Менегеттимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар спорт, білім беру, спорт ғылымы, заманауи технологиялар мен инфрақұрылым бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған бірлескен жобаларды іске асыру тетіктері қарастырылды.

Италия Елшілігінің өкілдері Қазақстанда спорт саласының жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен инвестициялық жобаларға оң баға берді. Олардың айтуынша, Қазақстандағы спорттық инфрақұрылым мен халықаралық бағыттағы жобалар екі ел арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button