
«Ақтөбе» футбол клубы тәжірибелі португалиялық ойыншы Луиш Нанимен келісімге келгенін ресми түрде жариялады. Тараптар бір жылға арналған келісімшартқа қол қойды.
Ақпаратқа сәйкес, футболшының айлық жалақысы шамамен 70 мың долларды құрайды.
Луиш Нани – әлемдік футболда үлкен із қалдырған ойыншылардың бірі. Ол Англия Премьер-лигасының төрт дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Кәсіби мансабында «Манчестер Юнайтед», «Спортинг», «Валенсия» секілді әйгілі клубтардың намысын қорғаған.
Енді португалиялық аңыз футболшы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп, «Ақтөбенің» шабуыл шебін күшейтпек.



