ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Төрт құрлық чемпионаты: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада ТОП-4 қатарында

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сайыс бастау алды.

Қазақстан атынан бұл жарыста Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников өнер көрсетіп жатыр.

Қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша Михаил Шайдоров 90,55 ұпай жинап, аралық есепте төртінші орынға жайғасты. Диас Жиренбаев 63,90 ұпаймен 19-орында болса, Олег Мельников 58,96 ұпаймен 21-орынды иеленді.

Үш қазақстандық спортшы да үздік 24 қатысушы қатарына еніп, еркін бағдарламаға жолдама алды.

Қысқа бағдарламада жапониялық Као Миура 98,59 ұпаймен көш бастады. Оның отандастары Кадзуки Томоно (97,19) екінші, ал Сота Ямамото (94,68) үшінші орынға орналасты.

Еркін бағдарлама 25 қаңтарда өтеді. Михаил Шайдоров бұл чемпионатта қазіргі чемпион мәртебесімен өнер көрсетіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button