ҚЫСҚЫ СПОРТ

Надежда Морозова Германиядағы Әлем кубогында жүлдеден сәл ғана тыс қалды

Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті.

3000 метр қашықтықта өнер көрсеткен отандасымыз 4 минут 09,19 секунд нәтижемен мәреге жетіп, төртінші орынға тұрақтады. Осылайша ол үздік бестікке еніп, жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Аталған қашықтықта норвегиялық Рагне Виклунд жеңімпаз атанса, нидерландтық Джой Бьюн күміс жүлдені иеленді. Үздік үштікті канадалық Валери Мальте түйіндеді.

Айта кетейік, осыған дейін Инцелльдегі Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта төртінші нәтиже көрсеткен болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button