ҚЫСҚЫ СПОРТ
Төрт құрлық чемпионаты: қазақстандық би жұбы жалпы есепте 12-орынмен шектелді

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында Қазақстан атынан мұздағы би бағдарламасында өнер көрсеткен Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова жарысты 12-орынмен аяқтады.
Ритмикалық биден кейін де қазақстандық жұп аралық есепте осы орында тұрған еді. Еркін бағдарламада олар 84,95 ұпай жинап, қос бағдарлама қорытындысында 137,34 ұпаймен жалпы тізімнің 12-сатысына жайғасты.
Чемпионатта АҚШ өкілдері Эмилия Зингас пен Вадим Колесник 202,86 ұпаймен жеңіске жетті. Күміс жүлде тағы бір америкалық жұп — Кэролайн Грин мен Майкл Парсонс еншісіне тиді (194,72). Ал қола медальді Уна Браун мен Гейдж Браун иеленді — 190,78 ұпай.



