ТРЕНДТЕХОККЕЙ

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасы Түркияны айқын есеппен жеңді

Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы қыздар құрамасы шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты аясында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан IIA дивизионындағы турнирде ұлттық құрама алаң иелері — Түркия командасынан басым түсті.

Кездесу алғашқы минуттардан-ақ тартысты өтті. Ойынның орта тұсына дейін есеп ашылған жоқ. Дегенмен екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарқынын күшейтіп, қарсылас қақпасына үш шайба соқты.

34-минутта Түркия құрамасына буллит орындау мүмкіндігі беріліп, олар бір голмен жауап қатты. Алайда үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы тағы екі мәрте мергендік танытып, матчты 5:1 есебімен сенімді түрде аяқтады.

Осылайша қазақстандықтар бұған дейінгі Жаңа Зеландия мен Латвияға қарсы жеңістерінен кейін турнирдегі үшінші табысына қол жеткізді. Келесі ойында ұлттық құрама Нидерланд командасына қарсы мұз айдынына шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button