ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Италиядағы FIS турнирі: Александра Скороходова слаломда топ жарды

Қазақстандық тау шаңғышы Александра Скороходова Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS сериясындағы халықаралық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді.
Әйелдер арасындағы слалом бәсекесінде отандасымыз 1 минут 39,67 секунд нәтижесін тіркеп, қарсыластарынан оза шапты. Осы көрсеткіш Скороходоваға турнирдің алтын медалін әкелді.
Екінші орынды испаниялық Джун Гаритано Итурбе иеленсе, үздік үштікті АҚШ спортшысы Эмма Гуггенхаймер түйіндеді.



