ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Фристайл-могул: Анастасия Городко Әлем кубогының рейтингінде екі дисциплинада ТОП-5 қатарында

Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясы фристайл-могулдан Әлем кубогының аралық рейтингін жаңартты. Жаңа көрсеткіштер бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Анастасия Городко бірден екі бағытта үздік бестікке енді.

2026 жылғы Олимпиада ойындары қарсаңында қазақстандық спортшы классикалық могул сайысында 150 ұпай жинап, бесінші орында тұр. Сонымен қатар параллель могул бағдарламасында да 45 ұпаймен үздік бестікте келеді.

Жалпы есепте Анастасия Городко 195 ұпаймен алтыншы сатыға жайғасқан. Бұл нәтиже оның маусым бойғы тұрақты өнерін айқын көрсетеді. Биылғы маусымда ол Әлем кубогы кезеңдерінде бес рет үздік ондыққа кіріп, соның екеуінде бесінші орын алды. Бұдан бөлек, Францияда өткен халықаралық турнирде екі мәрте алтын медаль жеңіп алған.

Алда Олимпиада ойындарынан кейін Әлем кубогының тағы үш кезеңі өтеді. Соның бірі Алматы қаласында ұйымдастырылады. Бұл жарыстар жалпы рейтингтегі орындарға тікелей әсер ететін шешуші бәсекелер болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button