ҚЫСҚЫ СПОРТ
Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында ТОП-10 қатарында

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионаты аясында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 62,29 ұпай жинап, аралық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады. Бұл нәтиже Софья Самоделкинаның жүлдеге таласуға мүмкіндік беретін топта тұрғанын көрсетеді.
Көш басында жапониялық Ами Накаи тұр — 73,83 ұпай. Одан кейін Юна Аоки (71,41 ұпай) және Моне Чиба (68,09 ұпай) орналасқан.
Қазақстандық тағы бір спортшы Амира Ирматова қысқа бағдарламада 42,40 ұпай жинап, 21-орынға жайғасты.
Мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарламаны 25 қаңтар күні орындайды. Сол бәсекеден кейін жарыстың қорытынды нәтижелері белгілі болады.



