ҚЫСҚЫ СПОРТ

Қазақстан жасөспірімдері Қытайдағы шорт-трек турнирінде төрт жүлде иеленді

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде нәтижелі өнер көрсетті.

Ұлттық команда жарыс барысында төрт медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар ерлер және әйелдер эстафеталарында екі мәрте күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жекелей сында Алина Галечина 1500 метр қашықтықта үшінші нәтиже көрсетіп, қола медаль еншіледі. Сонымен қатар қазақстандық команда аралас эстафетада да үздік үштікті түйіндеп, тағы бір қола жүлдеге ие болды.

Халықаралық турнир 23 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button