ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетуді бастады

22 қаңтарда Қытайдың Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты жалауын көтерді.
Мұздағы би бағдарламасында Қазақстан атынан Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетіп жатыр. Ритмикалық би нәтижесі бойынша отандастарымыз 52,39 ұпай жинап, аралық есепте 12-орынға жайғасты.
Көш басында АҚШ өкілдері Эмилия Зингас пен Вадим Колесник тұр — 79,97 ұпай.
Еркін би бағдарламасы 23 қаңтарда өтеді.



