ҚЫСҚЫ СПОРТ

Биатлоннан Әлем кубогы: ерлер арасындағы жекелей жарысқа Қазақстаннан үш спортшы қатысады

22 қаңтар күні Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады. Турнирдің алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында жекелей сайыс өтеді.

Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының намысын Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин қорғайды. Жарыс Астана уақытымен 22:15-те басталады.

Айта кетейік, Нове-Местода өтетін бұл кезең — 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алдындағы соңғы Әлем кубогы бәсекесі. Бұған дейін Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов Қазақстанның олимпиадалық құрамасына ресми түрде енген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button