
Қазақстандық маман Пиралы Әлиев «Каспий» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Алматы футбол мектебінің түлегі ойыншы ретінде «Қайрат», «Атырау», «Жетісу», «Локомотив», «Тобыл», «Ордабасы» және «Ертіс» секілді клубтардың құрамында өнер көрсетті. 2006 және 2007 жылдары «Жеңіс» сапында ел чемпионы атанып, ұлттық құрама жейдесімен 5 ойын өткізді.
Бапкерлік мансабын 2021 жылы Түркияда бастап, «Истанбулспор» жастар командасын жергілікті B дивизионының чемпионы атандырды. Кейін Түркия Суперлигасындағы негізгі командада бас бапкер міндетін атқарып, екі матчқа жетекшілік етті.
Соңғы жылдары ол «Жеңіс» клубында бас бапкердің ассистенті қызметін атқарды.
Жаңа маусымда Пиралы Әлиев «Каспий» клубымен бірге Премьер-лигада нәтижелі өнер көрсетуге талпыныс жасайды.



