ТЕННИС

Назерке Болатбек Қатардағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

Жас теннисші Назерке Болатбек Қатардың Доха қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде жүлдегер атанды.

Қазақстан құрамасының өкілі 13 жасқа дейінгі жас санатында сынға түсіп, қола медаль иеленді. Турнир барысында Назерке үш кездесуінде жеңіске жетіп, жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол мысырлық Заки Малакқа жол берді.

Жартылай финалға шығу нәтижесі жас спортшыға қола медаль алып келді. Бұл — қазақстандық теннисшінің халықаралық деңгейдегі маңызды жетістіктерінің бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button