Шаңғы спортынан 2026 жылғы Олимпиадаға Қазақстаннан 17 спортшы қатысады

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына бөлінген квоталардың ресми тізімін жариялады.
Іріктеу кезеңі FIS күнтізбесіне енген жарыстардағы рейтингтік ұпайлар арқылы жүзеге асты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы төмендегі шаңғы спорт түрлері бойынша жолдама иеленді:
Олимпиадалық квоталар:
-
Шаңғы жарысы: 3 ер адам + 4 әйел
-
Тау шаңғысы: 1 ер адам + 1 әйел
-
Шаңғымен тұғырдан секіру: 2 ер адам
-
Фристайл (могул): 1 ер адам + 3 әйел
-
Фристайл (акробатика): 4 ер адам + 1 әйел
-
Шаңғы қоссайысы: 1 ер адам
Осылайша, жалпы саны 17 спортшы 2026 жылғы Олимпиадада ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Құрама әлі нақтыланбайды
Берілген квоталар атаулы емес. Олимпиадаға қатысатын нақты спортшыларды әр спорт түрі бойынша бапкерлер штабы анықтайды.
Тиісті мерзімде Қазақстанның Ұлттық шаңғы спорты қауымдастығы квоталар көлемін растауы тиіс. Осыдан кейін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті FIS және Халықаралық Олимпиадалық комитетіне ресми өтінім жолдайды.
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.



