
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогындағы қарсыласы анықталды. Іріктеу кезеңінде қазақстандықтар Канада құрамасымен шеберлік байқасады.
Жеребе Лондонда (Ұлыбритания) тартылды. Кездесу Астанада өтіп, финалдық кезеңге жолдама тағдыры осында шешіледі. Айта кетейік, Канада құрамасы — 2023 жылғы әлем чемпионы.
Бұрынғы кездесулер
Қазақстан мен Канада бұған дейін бір-ақ рет жолыққан. 2017 жылы өткен сол матчта алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жеткен.
Әлемдік рейтинг
Әйелдер құрамалары рейтингісінде:
• Канада — 4-орын
• Қазақстан — 9-орын
Кездесу форматы
Матчтар 2026 жылдың 10–11 сәуірінде Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығының хард кортында өтеді. Бағдарламаға:
✔ 4 жекелей матч
✔ 1 жұптық кездесу кіреді.



