БАСҚАЛАРЫ
Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Омандағы халықаралық турнирде бақ сынайды

19–24 қаңтар күндері Оман астанасы Маскат қаласында үстел теннисінен WTT Contender Muscat турнирі өтеді.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы сапынан Кирилл Герасименко, Ескендір Харки және Сарвиноз Миркадирова ел намысын қорғайды.
Турнирге әлемдік рейтингтің көшбасшыларынан құралған мықты ойыншылар қатысады. Солардың қатарында — Лин Шидун (Қытай, №2), Лян Цзинкунь (Қытай, №7), Бенедикт Дуда (Германия, №13), Дарко Йоргич (Словения, №15), Патрик Франциска (Германия, №20), Антон Келлберг (Швеция, №27), Омар Ассар (Мысыр, №28) бар.
Әйелдер арасында Ши Сюньяо (Қытай, №13), Чэн И-Цзин (Қытай Тайбэйі, №21), Цинь Юйсюань (Қытай, №33), Линда Бергстром (Швеция, №43) және Маника Батра (Үндістан, №50) секілді танымал теннисшілер кортқа шығады.



