ТЕННИС

Қазақстан Дэвис кубогы іріктеу кезеңінде Монако құрамасымен күш сынасады

6–7 ақпан күндері Астанада Дэвис кубогының іріктеу кезеңі өтеді.

Қазақстанның ерлер теннис құрамасы бірінші әлемдік топ аясында жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін Монако құрамасын қабылдайды.

Бұл матчқа ұлттық команда барынша мықты құраммен келеді. Бапкерлер штабы негізгі ойыншыларды сапқа қосты: Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Денис Евсеев ел намысын қорғайды.

Кездесулер Beeline Arena ұлттық теннис орталығының жабық хард кортында өтеді. Форматқа төрт жекелей матч пен бір жұптық кездесу кіреді.

Қазіргі Davis Cup Nations Ranking рейтингінде Қазақстан 31-орында, ал Монако 44-сатыда тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button