ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Қазақстан биатлоннан Олимпиада-2026-ға төрт жолдама алды

Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына арналған квота тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасы іріктеуді төрт жолдамамен аяқтады. Милан–Кортинада өтетін Олимпиадада ел намысын екі ер және екі әйел биатлоншы қорғайды.
Берілген квоталар атаулы емес, сондықтан Олимпиадаға баратын нақты спортшылар тізімін ұлттық құраманың бапкерлер штабы анықтайды.
Ережеге сәйкес, Қазақстан биатлон федерациясы квоталарды пайдалану ниетін белгіленген мерзімде растауы тиіс. Бұдан кейін ұлттық өтінім Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті арқылы IBU мен Халықаралық Олимпиадалық комитетіне жолданып, Олимпиада–2026 құрамын ресми бекіту процесі басталады.



