ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Киреев Әлем кубогында ұпай қорын толтырды

Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан өткен Әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті. Соңғы жарыс күнінде ерлер арасында із кесу сайысы ұйымдастырылды.

Қазақстан құрамасы сапынан бұл бәсекеге Владислав Киреев қатысты. Ол жарысты 43-орыннан бастап, барлық төрт ату кезеңін қателіксіз орындап, мәрені 33-орында кесті.

Бұл нәтиже Киреевке Әлем кубогының жалпы есепте рейтингтік ұпай қосуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда оның еншісінде 43 ұпай бар.

Сайыста Норвегия биатлоншысы Йоханнес Дале жеңіске жетті. Франциялық Эрик Перро екінші орын алса, швециялық Мартин Понсилуома үздік үштікті түйіндеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button