БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Дохадағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан стенд атудан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді.

Аралас жұптық скит бағдарламасында ел намысын қорғаған Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола медаль жеңіп алды. Бұл сында Қатар құрамасы алтын, Оңтүстік Корея күміс жүлдегер атанды.

Сары құрлық бәсекесіне 17 елден 196 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына төрт медаль түскен еді:
— Адель Садақбаева (алтын),
— Ольга Хайлова (қола),
— әйелдер командасы (алтын),
— ерлер командасы (қола).

Басқа жаңалықтар

Back to top button